Елімізде заңсыз құрылыстар спутниктен бақыланбақ
Жерді өз еркімен басып алып үй салуға жол жоқ! Енді елімізде заңсыз құрылыстарды болдырмау үшін спутниктен бақылау жүргізілмекші. «Ғарыш Сапарымен» қазір осы мәселені талқылап жатқан Бас прокуратура алаяқ әкімдер мен шенеуніктердің жолын кеспек.
Автор: Досжан Маратұлы
03.11.2016
Прокурорлардың мұндай бастама көтеруі бекер емес. Өйткені, елімізде бей берекет салынатын құрылыстың артпаса азаятын түрі жоқ. Әсіресе, Алматы мен Астана қалаларындағы жағдай өте қиын. Жұрт қараусыз қалған жерге өз еркімен қазық қағуды әдетке айналдырған. Оның үстіне аңқау елді алдап, жалған құжатпен заңсыз жер телімдерін сататын әкімдер көбейіпті. Әсіресе, Елорда іргесіндегі Қосшы, Қоянды, Тайтөбе ауылдарының шенеуніктері жарты миллиард теңгенің учаскесін саудаға салып жіберген. Алаяқтық жасағандар қамауға алынғанымен, қарапайым халық қазір сотта сенделіп жүр. Сондықтан Бас прокурор жұртты алдаған әкімдердің сыбайластарын дереу қызметтен қууды талап етті. Одан қалды жер үйді армандайтын тұрғындарға тиесілі он сотығын әділ бөлуді сұрады.
Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:
-Әрбір қазақтың мақсаты ұлтарақтай жер алу. Кең үй салып, келін түсіріп, қолынан шәй ішіп, солай емес пе біздің қанымызға сіңген қасиет бұл. Біздің менталитет. Оған қанша пәтер берсек те, оның мәселесі шешілген жоқ оның арманы жер үй.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!