{metadescription}

9 жылға сотталған Баян Есентаеваның күйеуі әйелін ұрғанына өкінетінін айтты

Бүгін Талдықорған соты атышулы Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты іске соңғы нүкте қойды. Танымал продюсер әйелін өлімші етіп сабаған Бақытбек Есентаев 9 жыл арқалады. Әрі ол жазасын аса қауіпті қылмыскерлермен бірге, қатаң тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс. Бұған дейін Баянның өзі кешірім жасағанын айтып, тіпті жазасын жеңілдетуді сұрағанымен, судья иліккен жоқ. Ал мұндай қатаң үкімді күтпеген сотталушының өзі күллі жұрттан кешірім сұрап, әйелін ұрғанына өкінетінін айтты. 

Жабық өткен сот процесіне журналистер ғана кіргізілмегенімен, ағайын-туыс пен жора-жолдастарға еш кедергі жоқ еді. Бірақ бұл жолғы шешуші отырысқа олардың бірде-бірі келген жоқ. Сондықтан, үкімді Бақытбек Есентаев тек адвокаттарымен бірге тыңдады. Мына жабық есіктің ар жағында сот оған бақандай 9 жыл кесті.            

Бекболат Жансейітов, Б.Есентаевтың адвокаты:

-Біз бұл үкіммен келіспейміз. Қорғауымдағы азаматтың құқығы бұзылған. Жаза әлдеқайда жеңіл болуы тиіс еді. Өйткені жәбірленуші оны кешірген. Ол туралы сотқа шағым да түсірілді. Енді істі қайта қарау туралы шағым жазамын.

Үкіммен Есентаевтың өзі де келіспей отыр. Әйелі кешірім бергеннен кейін ол шартты жазаны күткен. Продюсердің өтінішінен кейін Бақытбек Есентаев «қыз зорлау», «кісі азаптау» секілді сексуалдық сипаттағы жазалардан құтылған болатын. Алайда бұл баптар бойынша ақтағанымен сот оны «кісі өлтірмек болғаны» үшін қатаң тәртіптегі колонияға жіберді. Сұмдық оқиға маусым айында болған. Бақытпек Есентаев әйелін шетелге кезекті сапарынан кейін Алматы әуежайынан күтіп алуға барады. Содан көлікте келе жатқанда қызғаныштан кикілжің туып, Баянды оңдырмай сабаған. Бірнеше жерінен пышақ та сұқты. Осы жағдайдан кейін алғаш берген сұхбатында продюсер күйеуінің өзін ұзақ уақыт бойы қорлық көргенін жылап отырып айтқан болатын.          

Баян Мақсатқызы, продюсер:

-У меня кровь текла отовсюду, из ушей, из носа из рта, он мне порвал губы, выбил зубы, порезал лицо.

Бақытбек Есентаевтың аса қауіпті қылмыскерлер отырған түрмеге жабылған себебі осы болса керек. Үкімді шығаруға алқа билер де атсалысқан болатын. Ал адвокаттарының айтуынша, жазасын естіген Есентаев сотта кінәсін мойындап, күллі жұрттан кешірім сұрапты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде