Тұңғышбай Жаманқұлов қамауға алынды
Халық әртісі миллиондарды қалтасына басқан! Атағы жер жаратын актер Тұңғышбай Жаманқұлов қыруар қаржы жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу мәліметіне сүйенсек, ол «Феникс» атты фильмге бөлінген ақшаны талан-таражға түсірген.
03.11.2016
Негізі «Қазақфильм» картинаның түсірілімі үшін жекеменшік компанияға 79 миллион бөліпті. Ал Жаманқұлов осы қаржы бөлінген мекеменің құрылтайшысы. Аты дардай актер бөлінген ақшаның 69 миллионын жымқырған дейді жемқорлыққа қарсы бюро тергеушілері. Қыруар қаржы оның қалтасына арадағы мердігер ұйымдар арқылы түсіп отырыпты. Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі осы картинаның бас продюсері әрі негізгі рөлдердің бірін сомдауы тиіс болған. Аталған фильмге дайындық жүргізілгенімен, нақ осы ақша мәселесіне байланысты түсіру жұмыстары сол күйі басталмағанын да айта кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!