Алматыда Әділбек Ыбырайымұлының шығармашылық кеші өтті
Жырға шөлдеген жұрт құмарын қандырды! Алматыда поэзия мен прозаны жанына серік еткен Әділбек Ыбырайымұлының шығармашылық кеші өтті.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
04.11.2016
Оған танымал ақын-жазушылармен қоса, өлең сүйер қауым көптеп келген. «Құс жолындағы жыр» деп аталған әдеби-сазды кеште автордың әсерлі жырлары оқылды. Әрі әуезді әндері шырқалып, жиналған жұртты бір сергітіп тастады. Айта кетсек, Әділбек Ыбырайымұлы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Көктемсіз жыл», «Сүмбіле шуағы» сынды жыр кітаптарымен қоса бірнеше әңгімелер жинағы жарық көрген. Автордың қолтаңбасы бөлек прозасы мен поэзиясы қазіргі қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алған.
Әділбек Ыбырайымұлы, ақын-жазушы:
- Құс жолы деген бізде үлкен ұғым. Ол жерде жұлдыздар шоғыры орналасқан. Сол жұлдыздар шоғырларының ішінде әдебиетшілердің де қатары мол. Сол қатардан біз көрінбесек те, соған жетеқабыл болып, жұлдыздар легіне қосылып, құс жолында, солармен бірге мәдениетімізді қоса ұлықтап жүрейік деген мағынада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!