{metadescription}
«Районы» фильмі экранға шықты
«Районы» фильмі экранға шықты

«Районы» фильмі экранға шықты

80-інші жылдарға саяхат! Елімізде өткен ғасырдағы Алматының тұрмыс-тіршілігін көрсететін фильм үлкен экранға шықты. «Районы» деп аталатын картинада, әсіресе, сол уақыттағы жасөспірімдердің өмірі бейнеленеді. Кейіпкерлердің басына түскен шытырман оқиғаларды режиссер Ақан Сатаев шынайы жеткізген. Драма жанрындағы туынды кешеден еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетілуде.

1987 жыл. Шалғайдағы ауылдан Алматыға қоныс аударған жасөспірім жігіт... Дәл осы тұста фильмдегі басты кейіпкер Арсеннің өмірі мүлдем басқа арнаға бұрылады. Себебі, қалалық жігіттердің бұлжымас өз заңы бар.

- Пацаны, старшаки! Общий салам!

Драмада өзге ортаға тап болған бозбаланың қиын тағдырымен қоса, қала тұрғындарының өмірі көрініс тапқан. Туынды көрерменді 80-жылдардың соңына еріксіз алып барады. Себебі, ондағы оқиғалар шынайы жеткізілген. Ол үшін режиссер Ақан Сатаев арнайы мамандардың көмегіне жүгініпті.

Ақан Сатаев, режиссер:

- Кеңесшілер түсірілімде бастан-аяқ жүрді. Себебі, қазіргі жастар мен 87-інші жылдағы жастар жер мен көктей. Бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Мамандар бізге сол кездегі жасөспірімдердің  іс-қимылын, киім киісін айтып отырды. Олар болмаса фильм мұнша сәтті шықпас еді.

Туындының тақырыбы да, актерлік құрамы да ұзақ таңдалған. Кейіпкерлерді көбіне бұрын-соңды киноға түсіп көрмеген жас актерлер сомдайды. Картинаға Әсел Сағатова, Гүлнар Досматова, Жандос Айбасов сынды бірқатар танымал актерлер де түскен. Сондай-ақ, басты рөлдердің бірі Ақан Сатаевтың қызына бұйырыпты.

Мәриям Сатаева, актриса:

- Мен де өзге актерлер сынды, арнайы кастинг арқылы қабылдандым. Бұл – менің кино әлеміндегі алғашқы қадамым. Фильмнен үйренгенім көп болды. Актерлік шеберлігім де шыңдала түсті.

Фильм алғашқы көрсетілімдерінен-ақ көпшіліктің ықыласына бөленуде. Ол кешеден бастап еліміздегі барлық кинотеатрлардан көрсетіліп жатыр. Ал алдағы уақытта туындыны КТК телеарнасынан да тамашалайтын боласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде