Тұңғыш президент қоры қазақ тілді сайттардың үздіктерін марапаттады
Іс-шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Автор: Сабина Мәдиқызы
04.11.2016
Қазақ тілінде ақпарат тарататын интернет-сайттар 7 номинация бойынша бағаланды. Қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін,тарихын, қоғамдағы өзекті мәселелерді үздіксіз көтеріп жүрген шығармашылық ұжымдарға 300 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Байқау тартысты өткен. Өйткені сынға түсуге республиканың түкпір-түкпірінен қырыққа жуық материал түсіпті.Алдағы уақытта номинация санын көбейту жоспарланып отыр.
Азат Шәуеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:
–Ережеге сәйкес тек қазақ тілінде жарық көретін сайттар қатыса алады. Және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдары және шетелдік басқа сайттар қатыса алмайды. Мына екі тілді сайттар қатыса алмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!