{metadescription}

Қызылордада газ баллоны жарылып соңы алапат өртке ұласты

Қызылорда іргесіндегі ауылда үй өртеніп, бір адам қаза тапты. Тағы бес адам ауыр халде ауруханада жатыр. Тұрғындардың айтуынша, марқұм ас әзірлеп жатқан кезде газ баллоны жарылған.

Сапаровтар отбасы Белкөл ауылына былтыр көшіп келген. Жаңадан салған үйлерінің күлі көкке ұшып, құр қабырғалары қалыпты. Тұрғындар қатты жарылыстан соң қызыл жалын әл бермей кеткенін айтады. 47 жастағы отанасы сол жерде жан тапсырды. Марқұмның ұлы мен келінін, үш немересін көршілері жалын арасынан алып шыққан. Қазір олар облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Белкөлде биылдыққа газ баллонының кесірінен бір көшенінің бойындағы бес үй өртенген. Облыс орталығының дәл іргесіндегі елді мекенге шенеуніктер табиғи газ тартып бергенде мұндай оқиға болмас еді дейді тұрғындар. Ал әкімдіктегілер бұл ауылды келер жылы көгілдір отынмен жарылқаймыз деп отыр. Ол үшін қазынадан екі жүз миллион теңге қарастырып қойыпты. Бірақ олардың мұндай уәделерінен жергілікті жұрт шаршаған.

Гүлнәр Аманбаева, Белкөл ауылының тұрғыны:

-Бір көшенің бойында бес үй өртеніп отыр. Бізде табиғи газ жоқ қой. Бірақ барлық әкімдер уәде беріп жатыр. Бірақ енді уәде орындалмай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде