{metadescription}

Тұңғышбай Жаманқұлов бюджет ақшасын жымқырғанына өкінетінін айтқан

Тұңғышбай Жаманқұлов бюджеттің 69 миллион теңгесін жымқырғанына өкінеді! Айыбын толық мойындаған Халық әртісі қыруар қаржыны жеке қажетіне жұмсап жібергенін тергеушілерге берген жауабында айтыпты. Қамауға алынған бойда, қатесін түсінген атақты актер ұрлаған ақшасының  жартысын қайтарған соң  кепілақшамен бостандыққа жіберілген.

Тергеу изоляторынан босап шыққан Тұңғышбай Жаманқұлов қазір Алматыдағы үйінде. Даулы «Феникс» фильміне бөлінген 69 миллион теңгені жымқырғанын мойындаған соң Жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюро Жаманқұловтың еңбегін, жасын ескере отырып оны бостандыққа жіберген.  Бірақ театр мен кино тарланына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған жоқ. Істі жабу мәселесі күдікті ұрлаған миллиондарын толық өтегеннен соң қарастырылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде