Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды шенеунігі пара алу сәтінде қолға түсті
Ауыл шаруашылығы министрлігінде кезекті жемқорлық дауы. Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновты 5 миллион теңге пара алып жатқан сәтінде ұстады.
04.11.2016
Тергеу материалдарына қарағанда, Сақташ Хасенов ауылшаруашылығы министрлігін нағыз майшелпекке айналдырған. Ол Қазақстанға мың тонна құс етін әкелуге рұқсат беру үшін кәсіпкерден 5 миллион теңге талап етіпті. Бірақ сол мол параны алып жатқан сәтінде қолға түсті. Хасеновпен бірге оның бұрын министрлікте бірге істеген сыбайласы да ұсталған. Олар кінәларын бірден мойындапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!