{metadescription}
Шымкентте балабақша мәселесін таныс арқылы шешудің жолы кесілді
Шымкентте балабақша мәселесін таныс арқылы шешудің жолы кесілді

Шымкентте балабақша мәселесін таныс арқылы шешудің жолы кесілді

Шымкенттегі балабақшалар мен мектептерде енді кезексіз бүлдіршін орналастыру қиындай түсті. Бармақ басты, көз қыстымен кезектен тыс бала орналастырушылардың жолына кедергі келтіретін жаңа жүйе бүгін шенеуніктер мен мұғалімдерге таныстырылды.

Электрондық кезекке қою арнайы сайт парақшасында жүзеге асады. Яғни, қалалық білім бөлімінің сайтына кіріп, ұл-қызыңызды мектепке немесе балабақша кезегіне қоясыз. Ал бұл сайт кезексіз алдыңызға өзге біреудің өтіп кетуінен сақтайды екен. Мұндай жаңа технология мектептерге бала қабылдауда жемқорлықты болдырмау үшін арнайы ендірілген. Онлайн-қызмет арқылы енді он күннен кейін бүкіл шымкенттік мектептер мен балабақшаларға кезекке тұруға болады.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы:

-Ата-аналардың арасында мектеп немесе балабақшаға орналастыру үшін ақша беру керек деген жаңсақ қағида бар. Енді осы онлайн технология арқылы кезекке оңай тұрып, оны бақылауларына болады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұдан былай ешкімге ақша берудің қажеті жоқ.          

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.