{metadescription}
Алматы облысында рейд кезінде бірде-бір  браконьер ұсталмады
Алматы облысында рейд кезінде бірде-бір  браконьер ұсталмады

Алматы облысында рейд кезінде бірде-бір браконьер ұсталмады

Бес сағат аралап, бір браконьер ұстай алмады. Алматы облысы аумағында табиғат қаскөйлерін тікұшақпен аңдыған инспекторлардың сапары сәтсіз болды.

Тікұшаққа мініп шыққан Алматы облысының аумақтық инспекторлары Іле өзенінің бойын жағалап, Балқаш көліне дейін барды. Жетісудың ең ірі өзенінде заңсыз балық аулаушылар жетіп артылады екен. Алайда тікұшақ суға қона алмай, мемлекеттік инспекторлар браконьерлерге көзбен шүйліккеннен басқа амал қыла алмады. Дегенмен, табиғат сақшылары құр алақан қайтқан жоқ. Екі үйрек атып алған мына азаматтар құжаты дұрыс болғанымен, жолдан шатасып, аңшылыққа мүлде тыйым салынған аумаққа кіріп кетіпті. Инспекторлар олардың қаруын тіркілеп, 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Жалпы, биылдыққа облыс аумағында осындай мыңнан астам рейд жүргізіліпті. Нәтижесінде 753 құқық бұзушылық анықталып, 6 қылмыстық іс қозғалған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.