{metadescription}

Сақташ Хасенов алған парасына қымбат көлік мінген

Алған параға қымбат көлік мінген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасына қатысты осындай жаңа дерек шықты. Сөйтсе, ауызбастырық ретінде алған ақшаға  Сақташ Хасенов  шалқып өмір сүрген.

Бірақ көп асқанға бір тосқан.  Жұмысынан  кейін көлігінің ішінде кезекті  кәсіпкерден 5 миллион теңге пара алып жатқан Сақташ Хасеновтің  жұмада қолына кісен салынып, өзі қамауға алынған болатын. Тергеу материалдарына сенсек, ветеринарлық бақылау комитетінің төрағасына бизнесмендер Қазақстанға шетелден кіргізілетін еттің әр келісі үшін ай сайын  ақша төлеп келген. Сөйтіп Хасенов пен оның министрліктегі  сыбайласы Елена Решетько  бар болғаны 8 айдың ішінде 37 миллион теңгеге қалтасын қампайтыпты. Ал қылмыстық жолмен тапқан қаржысына Сақташ Хасенов жақында салоннан су жаңа Toyota Land Cruiser  сатып алған.  Алайда жол талғамайтын қымбат көлігіне отырып үлгермей жатып тергеу қапасынан бір-ақ шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде