Назарбаев император Акихитоны мақтады
Патшаға сай құрмет ! Жапонияға барған Қазақстан президенті император Акихитомен кездесті.
Автор: Ербол Сейілхан
07.11.2016
82 жастағы император әріптесін құшақ жая қарсы алды. Нұрсұлтан Назарбаев та оның әлі қуатты екенін айтып мақтаудан тартынған жоқ. Тақта отырған әлемдегі ең қарт басшы Акихито Қазақстанмен алыс-берісті, барыс-келісті жандандандыруға мүдделі екенін мәлімдеді. Бұның дәлелі ретінде Елбасы Токиода отырып Алматыда күншығыс елінің ақшасына салынған металл бұйымдарын шығаратын зауытты іске қосты. Кейін компания басшысымен бірге «саке» яғни жапон арағын жарды. Жапондардың ұғымында бұл басталған іске сәттілік әкеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
20 наурыз
Серіктестер жаңалықтары