{metadescription}
Шымкентте букмекерлік кеңселерді тонағандар ұсталды
Шымкентте букмекерлік кеңселерді тонағандар ұсталды

Шымкентте букмекерлік кеңселерді тонағандар ұсталды

Шымкентте букмекерлік кеңселерге қырғидай тиіп, түк қалдырмай тонап жүргендер ұсталды.24, 22 және 21 жастағы үш жігіт кеңседегі ақша мен компьютерден бастап, жиһаздарға дейін алып кете берген. Олар бұл заттарды сату үшін емес, өздері букмекерлік кеңсе ашу үшін жинамақ болыпты.

Өз кәсібін аша салуға ақшасы болмағандықтан біртіндеп кеңсе тонап, сол заттармен өз кәсібін бастау үшін қылмысқа барған жігіттер алдын-ала жоспар құрыпты. Яғни, қаланың букмекерлік нүктелерін шарлап бейнебақылау камерасы орнатылмаған әрі күзеті жоқ мекемелерге түнделетіп бұзып кіріп жүрген. Бас-аяғы бір айдың ішінде қарақшылар 4 кеңсені 8 миллион теңгеден астам шығынға ұшыратты. Ұрлаған заттарын заңды иелеріне қайтарған олар қазір тергеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде