Семейде анасы Ертіске ағызып жеберді делінген сәбиді іздеу жұмыстары тоқтатылды
Семейде анасы Ертіске ағызып жеберді делінген бір жарым жасар қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды. Өйткені сүңгуірлер заң бойынша суға батқан адамды 10 күн ғана іздеуге құқылы екен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
07.11.2016
Құтқарушылар іздеу амалдары жүргізілген он күнде 50 шақырымды сүзіп шыққан. Бірақ баланың денесі табылмады. Оның үстіне өзенге тастадым деген анасы тергеу барысында қызды суға нақты қай жерінен жібергенін көрсете алмауы да іздеу жұмыстарын тиімді жүргізуге кедергі болыпты. Бұл оқиға 24 қазанда болған еді. Отбасылық жанжалдан соң, 24 жастағы Айсұлу Мерембаева бір жарым жастағы қызы Айшаны үйінен алып шығып кетіп, өзенге тастап келдім деп хабарлаған. Туыстары болса, өз баласын өлімге қиды дегенге сенбей, тығып ұстап отыр-ау деген болжам айтады. Қазір бұл іспен полиция айналысуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!