Елімізде дрондардың ұшуына тыйым салынуы мүмкін
Елімізде квадрокоптерлердің беталды ұшуына тыйым салынбақ. Өйткені бүйіріне бейнекамера орнатылған ұшу құрылғысын лаңкестер пайдаланып, арам ойын жүзеге асыруы әбден мүмкін. Бұл мәселе бүгін Мәжілісте талқыланды.
Автор: Досжан Маратұлы
08.11.2016
Мамандардың айтуынша, мүмкіндігі мол техника алыстан басқарылып, үстіне жеңіл жарылғыш заттарды қоюға болады екен. Сондықтан депутаттар мен авиация саласына жауапты шенеуніктер квадрокоптерлерді кім көрінгеннің пайдалануына тыйым салмақшы. Олар тек арнайы лицензиясы барларға ғана ұшу аппаратымен видео түсіруге рұқсат беру керек дейді. Ал әзірге елімізде мұндай талап жоқ. Камера орнатылған дрондар түрлі мерекелік шаралар мен тойларды төбеден түсіруге қолданылып келеді. Әрі ол кез-келген жерде ашықтан ашық сатылуда.
Владимир Куропатенко, Авиатасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы:
-Сирияда пилотсыз ұшақтар оп-оңай бомба тастап жатыр. Ал бізде мұндай ұшу аппараттарын көкке көтеру үшін ешқандай рұқсат талап етілмейді. Бұл ережені өзгерту керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!