{metadescription}
Қызылордада жүргізушілер бензинге таласып жатыр
Қызылордада жүргізушілер бензинге таласып жатыр

Қызылордада жүргізушілер бензинге таласып жатыр

Қызылордада бензин тапшылығы сезіле бастады. Автокөлік жүргізушілері таң атқалы жанармай бекеттерін аралап, бензин таппай әлек. Кейбір жерлерде шектеулі мөлшерде ғана сатылса, енді бір бекеттерде талон арқылы берілуде.

Бүгінде мұнда 100-ге жуық жанармай бекеті бар екен. Бірақ қолма-қол ақшаға бір адам 5 литр ғана алуға мәжбүр. Себебі, баға ілінген тақтайшада төмен баға көрсетілгенмен, кассадағы бағаны көтеріп жіберген. Мәселен, 89 теңге тұратын АИ-80, бірден 115 теңгеге дейін шарықтап кеткен. АИ- 96 145 теңге тұрса, үлкен сұранысқа ие 92-ші бензин 131 теңгемен саудалануда. Ал дизельдік отын бағасы 135 теңге. Жанармай тапшылығын жергілікті билік білгенімен, қолдан келер қайран жоқ деп ақталуда. Бұл мәселе Шымкент пен Павлодардағы мұнай зауыттарына байланысты дейді.

Нұржан Өмірсерікұлы, Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

-Шымкенттегі мұнай өндейтін зауыт 12-ші қарашада іске қосылады. Сол кезде облысқа бөлінген жанармай келеді. Сонда жағдай тұрақтанады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.