{metadescription}
Мырзахметов қарамағындағы лауазымды қызметкердің пара алғанына өкінетінін айтты
Мырзахметов қарамағындағы лауазымды қызметкердің пара алғанына өкінетінін айтты

Мырзахметов қарамағындағы лауазымды қызметкердің пара алғанына өкінетінін айтты

Ал Ауыл шаруашылығы министрі өз ведомствосындағы жемқорлық  дауына қатысты түсініктеме берді. Бүгін Асқар Мырзахметов  қарамағындағы лауазымды қызметкер, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновтің пара алуын өте өкінішті жәйт деп атады.

Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

-Қызметінен  босатылған жоқ. Себебі білесіздер, осындай жағдайлар орын алғанда  соттың шешіміне дейін оны босатуға болмайды. Соттың шешімі шыққаннан кейін тиісті шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ, Мырзахметов елге жеткізілген  еттің сапасы үшін алаңдамауға кеңес берді.Өйткені Сақташ Хасенов параға рұқсат құжатын бергенімен тыйым салынған өнімді кіргізуге құзыреті болмаған. Айта кетсек, ветеринарлық бақылау комитетінің төрағасы өткен жұмада 5 миллион теңге парамен ұсталған еді. Лауазымды шенеунік Қазақстанға шетелден  мың тонна құс етін кіргізу үшін кәсіпкерден осыншама  ауызбастырық талап етіпті. Жалпы Хасенов министрліктегі сыбайласымен бірігіп 8 айда 37 миллион теңгеге қалтасын қампайтқан. Тіпті соңғы сыйақасына  28 миллион теңгенің қымбат джипін сатып алған екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде