Бюджет ақшасын жеп өзіне 15 миллион сыйақы жазған «Ақтөбе» клубының директоры қамауға алынды
«Ақтөбе» футбол клубының директоры Дмитрий Васильев қамауға алынды. Даулы оқиғалармен аты шыққан бұл басшы қазынаның қаржысын жымқырды деп айыпталуда.
Автор: Жаңалық Ахаш
08.11.2016
Тергеушілер оның әзірге 300 миллион теңгеден астам қаржыны қалтасына басқанын анықтап отыр. Васильев ел чемпионатының алғашқы алтылығына «Ақтөбе» іліккенде қуанғаны сонша футболшылар мен бапкерлерге сыйақыны оңды-солды шашыпты. Өзі де сол сыйақыдан құр қалмай, 15 миллион теңгені қалтасына басып алған. Енді клуб басшысы Ақтөбедегі уақытша тергеу абақтысында отыр. Айта кетелік, жақында ғана келісілген ойындарға қатысты осы Дмитрий Васильевтің басы дауға қалған еді. Ол кезде «Ордабасымен» ойында ақша алуға байланысты телефон арқылы сөйлескен сөзі жұртқа жария етілген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!