{metadescription}

«Бала дауысының» финалына санаулы күндер қалды

Теңдесі жоқ жоба мәресіне жетуге жақын! Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының гранд-финалына санаулы күндер қалды. Сондықтан Республика бойынша іріктеп алынған 23 қатысушы қазір соңғы дайындықтарын пысықтауда. Ауқымды жобаның көптен күткен қорытынды концерті демалыс күндері Алматыда өтеді. Ал өзге өңірдің тұрғындары оны тікелей эфирден біздің телеарна арқылы көре алады.

Бұл – жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан «Бала дауысының» финалистері. Оларды әр аймаққа бөлінген әнші-продюсерлерден құралған қазылар алқасы таңдап алған. Барлық кезеңді артта қалдырған жас таланттар қазір гранд-финалға қызу дайындық үстінде. Мамырда тұсауы кесілген жобаға жасы 7 мен 13 аралығындағы музыкалық білімі жоқ балалар да қатысуға мүмкіндік алған еді. Сол іріктеуден сүрінбей өткен жас таланттарды ақтық сынға қазір кәсіби әнші-бишілер дайындауда.

Толғанай Хасенқызы, «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының ұйымдастырушысы:

- «Бөбек» орталығында дайындалып, вокал, хореография сабақтарынан тәлім алып жатыр.  Жұлдызды тәлімгерлермен бірге дайындалуда.  

Арнайы осы жоба үшін балаларға арналған жаңа әндер жазылған. Финалда қатысушылар сол туындыларды орындайды. Танымал әншілермен де ән шырқамақ. Яғни елімізде бұрын-соңды болмаған бұл байқау жас өнерпаздар үшін үлкен сахнаға жол ашқалы тұр.

Рауан Матаева, «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының финалисі:

- Байқауда жеңу мақсатым. Жеңгеннен кейін әрі қарай үлкен әншілермен байланысып, Қазақстан эстрадасының  жарық жұлдызы болғым келеді. 

Үздіктердің үздігін көрермендер дауыс беру арқылы таңдамақ. Айта кетсек, теңдесі жоқ ұлттық ән байқауын Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырып отыр. Игі шараға Тұңғыш президент қоры да қолдау көрсеткен. «Бала дауысының» ұйымдастырушылары болашақта әлемдік деңгейге шығуды жоспарлап отыр.Байқаудың гранд-финалы демалыс күндері Алматыдағы Республика сарайында өтпек. Әрі ауқымды концерт сенбі күні сағат 18:00-де, және жексенбі 18:30-да КТК арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде