Қызылжарды қар басып қалды
Бір түнде өңірге жауынның бір айлық мөлшері түскен. Қала тазалығына жауапты мекемелер енді көшелерді қардан аршып үлгере алмай жатыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
09.11.2016
Синоптиктердің айтуынша, оңтүстік Орал жақтың циклоны өзімен бірге жылы ауа ағынын алып келген. Соның салдарынан түні бойы жауған қардың қалыңдығы кей жерлерде 20 сантиметрге дейін жетіпті. Бұл бір айлық мөлшер дейді мамандар. Таң атпай шаһарды қардан тазалауға коммуналдық шаруашылықтың ғана емес, түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысшылары да шықты. Жылы ауа қардың бетін еріткендіктен, шылқыған көшемен жүру көліктер үшін де қиынға соғып жатыр. Енді ең қиын күндер әлі алда дейді синоптиктер.
Гүлзат Ғазизова, «Қазгидромет» АҚ СҚО филиалының бөлім басшысы:
-Алдағы күндерде облыс бойынша кей жерлерде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ тұман сақталады. Кей жерлерде ұйытқыма жел болады. Ауа температурасы 7-12, кей жерлерде 16 градус аязға, күндіз 5,-10 кей жерлерде -15 градус аязға дейін төмендейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!