{metadescription}
Ақтөбеде Әкімгерей Көшербаевқа кімнің пара тасығаны белгілі болды
Ақтөбеде Әкімгерей Көшербаевқа кімнің пара тасығаны белгілі болды

Ақтөбеде Әкімгерей Көшербаевқа кімнің пара тасығаны белгілі болды

Ақтөбеде алаяқтық үшін сотталған экс-шенеуніктің туыстары мектеп директорларынан ақша жинаған делдалдарды жазалауды талап етіп отыр. Өйткені аймақтағы білім саласын қадағалау департаментінің басшысы болған Әкімгерей Көшербаевқа мұғалімдер кәсіподақ ұйымы төрайымының құдағиымен бірге пара тасығаны белгілі болды.

Ақтөбелік ұстаздардың құқығын қорғауға міндетті Лида Оралбаева бұрын да алаяқтығы үшін сотталған. Кейін білім беру саласында лауазымды қызмет атқарған Раиса Игібаева деген құдағиымен бірлесіп мектеп басшыларына мемлекеттік аттестациядан өткізуге уәде береді. Ол үшін 150 мыңнан бастап, 500 мың теңгеге дейін алған.  Ал экс-шенеунікке алдандым деген тағы бір мектеп директоры Серік Тойшымановтың да қызметін асыра пайдаланғаны анықталды. Бірақ оның үстінен қозғалған іс Әкімгерей Көшербаевқа қарсы арыз жазған күні тоқтатылған. Енді сотталған шенеуніктің туыстары бұлардың да заң алдында жауап беруін сұрап отыр. Айта кетелік, облыстық білім саласын бақылау департаментінің бұрынғы басшысын сот үш жылға бас бостандығынан айырған еді. 

Бейбіт Сұлтанғалиев, Ә.Көшербаевтың туысы:

-Нағыз алааяқтар бостандықта жүр. Бұлар Көшербаевтың сыртынан ақша жасаған. Видеода  Игібаева құдағиына жылып келіп  ұсталғандарын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.