{metadescription}

Туристерді тентіреткен «Трэвел Систем» басшысы кінәсін мойындаудан бас тартты

Түркияда талай азаматты далада қалдырған компания тіпті демалыстың ақысы төленіп қойған деп бет бақтырмады.   

Соты төрт мәрте кейінге шегеріліп, бүгін әрең дегенде басталған Роман Хан «әуе билеттеріне дейін төлегенбіз» деп шағымданушыларды шалқасынан түсірді. Айтуынша, оны Түркиядағы әріптестері алдап түсірген екен. Бірақ, солай бола тұра кәсіпкер оны растайтын бірде бір құжатты сотта көрсете алмады. Жүздеген отандасымыздың шетелде алданып қалуына байланысты атышулы «Трэвелсистем» компаниясында жіті тінту өткізілген. Сонда терегушілердің өзі туристер аударған ақшаны таппаған болатын. Ал туристерді 1 миллиард теңге шығынға батырған компания басшысы енді оны Түркияға төлеп тастағанмын деп тып-типыл отыр. Ол тұрмақ, турфирма туристердің шетелде тентіреп қалғанынан да хабарсыз болып шықты. «Трэвел Системге» алданып басы тасқа тиген туристер Ханға сенбей отыр. Естеріңізге салсақ, былтыр жазда жүздеген турист осы компанияның кесірінен шетелде қалып қойған болатын. Қонақүйлерден қуылған отандастарымызды әуе компаниялары өз есептерінен елге алып қайтқан.     

Болат Еспаев, жәбірленуші:

-Түркияға төледім дейді. Бірақ құжаттары жоқ растайтын. Ешкім сенбей отыр. Темір торда болса есін жинап бәрін мойындайтын еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде