Атышулы Алматы хайуанаттар бағының директоры ақыры қызметінен кетті
Басынан дау арылмаған Қанат Кәрімов директорлық орынтағын өз еркімен босатып берген. Себебі өзіне жасалған ақпараттық шабуылға шыдай алмаған басшы бұдан былай жұмыс істей алмайтынын түсінген сыңайлы. Өйткені соңғы уақытта зообақтағы сирек аңдардың өлуі тым жиілеп кетті. Осылайша соңғы бес жылда 500-ден астам мақұлық арам қатқан. Бұған барша жұрт дәл осы Қанат Кәрімовты кіналаған болатын. Алайда ол аң-құстардың қырылуы биологиялық процесс дейді. Сондықтан өлім-жітімнің болуы заңдылық деп отыр. Енді хайуанаттар бағына кімнің басшы болатыны әзірге белгісіз.
Автор: Диас Нұрақын
09.11.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
20 наурыз
Серіктестер жаңалықтары