Ендігі жерде «Алтын белгіні» ҰБТ-да дәлелдеудің қажеті жоқ
Елімізде үлкен дауға қалып жүрген Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі тағы бастан-аяқ өзгертіліп жатыр. Жылда жаңа реформа жасамаса көңілі көншімейтін Білім министрлігінің бұл жолы үздік оқушыларға бүйрегі бұрып отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
09.11.2016
Яғни бұдан былай «Алтын белгіні» ҰБТ-да дәлелдеудің қажеті жоқ. Мектепті бірінші сыныптан бастап үздік оқыған ұл-қыздар 11-ші сыныптан кейін тапсыратын емтиханнан сүрінбей өтсе болды. Төс белгі ҰБТ-дан алған балына қарамастан беріле береді. Бұдан былай түлектер мектепте бөлек емтихан тапсырып, жоғарғы оқу орнына түсерде де бөлек тестілеуден өтетіні белгілі. Ондағы сұрақтардың саны 125-тен 120-ға қысқартылып, сауалдардың мазмұнына басымдық берілген. Оның 60-ы математика, Қазақстан тарихы, қазақ және орыс тілдеріне қатысты болмақ. Қалған екі пән яғни, 60 сауалға мектеп түлектері таңдаған мамандығы бойынша жауап беруі тиіс. Айта кетейік, биыл ҰБТ 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында өтеді. Оған дейін түлектер мектепте жаппай емтихан тапсырады.
Жаңыл Жонтаева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры:
- 29 мамыр мен 9 маусым аралығында емтиханды аяқтауға мүмкіндік бар. 15 маусымға дейін аттестаттардың барлығын мектептер беріп болады. Бітіру кештерін барлығын осы кезге дейін өткіземіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!