Елімізде Александр Селезневтің мерейтойы аталып өтілуде
Елімізде балет мектебінің негізін қалаған Александр Селезневтің 110 жылдық мерейтойын аталып өтуде. Осыған орай 24-28-ші қараша аралығында бірқатар мерекелік шаралар іске аспақ.
Автор: Олжас Байжан
10.11.2016
Басты шараларың бірі «Өрлеу» атты кәсіби хореографиялық оқу орындарының бесінші халықаралық байқауы болмақ. Әлемнің үздік 10 би мектебі «хореографиялық өнердің шебері» атағына ие болу үшін барын салады. Қатысушылардың биін Қазақстан хореографиясының мэтрлерімен қатар Австрия, Корея, Түркия, Ресей, Украина және Қырғызстаннан келген тәлімгерлер бағалайды. Ал мерекелік шара дәстүр бойынша үлкен концертпен аяқталады. Оның бағдарламасы тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орайластырылып отыр. Ал оған Тұңғыш Президент қоры демеушілік жасауда.
Ая Қалиева, А.Селезнев атындағы хореографиялық училищенің директоры:
- Байқауға қатысушылар жастары бойынша үш топқа бөлінген. Әр елден келген делегацияда 12-ден 45 адамға дейін болады. Біз өз оқушыларымызды жарысқа шығардық. Сондықтан биыл аншлаг болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!