{metadescription}

Астанада еліміздің ең басты көшесі Орынбордың аты өзгертілді.

Елорданың Ақорда,  Үкімет, Парламент сияқты нағыз әкімшілік  ғимараттары орналасқан даңғыл бұдан-былай  Мәңгілік ел деп аталатын болды.

Тұғырынан түскен Орынбор атауы  беймәлімдеу «Е-10» көшесіне  берілмек. Мәңгілік елден бөлек Елордада  «Ұлы дала» даңғылы да пайда болды.  Тіпті Есілдің сол жағалауындағы  Еңбекшілер көшесі енді Әлихан Бөкейхан есімімен аталмақ. Жалпы  Астана мәслихаты 15 көшенің атауын өзгертуге шешім қабылдады. Кіл қазақ қайраткерлерінің атын иеленген жаңа даңғылдар әділет департаментіне тіркелген соң тақтайшалар жаппай ауыстырылмақ. Шенеуніктер құжат ауыстыруда ешқандай қиындық болмайды деп сендіріп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде