{metadescription}
Оралда қаңғыбастар астан уланғандарын айтып, прокуратураға шағымданды
Оралда қаңғыбастар астан уланғандарын айтып, прокуратураға шағымданды

Оралда қаңғыбастар астан уланғандарын айтып, прокуратураға шағымданды

Қаңғыбастар  да  өз құқығын қорғай бастады. Оралдағы бейімдеу орталығын мекен еткендер астан уланғандарын айтып, прокуратураға шағымданды. Тексерістен кейін белгілі тұрағы жоқ жандарға расымен де жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік берілгені анықталған. Сондықтан қадағалаушы орган қызметкерлері қазір бұл мекемені бастан аяқ тексеріп жатыр.

Үйсіз-күйсіз далада қалып тоңып секіргендер енді бейімдеу орталығында тойып секіруге көшкен сыңайлы. Себебі, осы орталықтан пана тапқан қаңғыбастардың ас-ауқатқа көңілдері толмай жүр. Яғни «бізге жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік беріледі» дейді олар. Соның салдарынан іштері ауырып, дәрігердің алдына жиі баратын болған. Алайда дертіне дауа болатын дәрі-дәрмектің өзі тапшы екен.

Михаил Пужай-Рыбко:

- Жиі басымыз ауырып, ішіміз өтеді. Бұл астан уланғанның белгісі. Бірақ медбикелерге барсақ, беретін дәрілері жоқ. Көптеген препараттар ескірген.

Алайда қаңғыбастардың бұл жанайқайына басшылық құлақ аспапты. Сондықтан олар бірден прокуратураға шағымданған. Тексерістен кейін қоймадағы азық-түліктің жарамдылық мерзімі өтіп кеткені анықталды. Алайда орталық директоры бұған қойма қызметкерін кінәлауда.

Рашид Өтешов, Бейімдеу орталығының директоры:

-286 кильки шықты мерзімі  өтіп кеткен. Сосын 8 банкі май, 32 келі  колбаса тағы бар.  Қойма бастығы жаңадан келген еді. Қарамаған ғой.

Қазір жеуге жарамсыз май, шұжық және қалбырдағы тағамдар түгелдей жойылды. Бірақ тексеріс мұнымен бітпейді. Өйткені қаңғыбастардың арызымен келген прокуратура басқа да былықтың бетін ашқан.

Әлібек Жұмағұлов, БҚО прокуратурасының бірінші басқарма прокуроры :

-Қаражатты жымқыру уәждері туралы жемқорлыққа қарсы қызметке тиісті тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда тексеру жүргізілуде. Белгілі тұрағы жоқ азаматтарға мерзімі өтіп кеткен азық-түлік берілу фактісі анықталды. Сонымен қатар қазір еңбек заңнамасының бұзылғаны туралы уәждер еңбек инспекциясымен  тексерілуде. 

Бұл бейімдеу орталығындағы алғашқы шу емес. Былтыр да қадағалаушы орган қаңғыбастарды ұрып-соғып ақшаларын тартып алған қызметкерлерді жауапқа тартқан болатын. Ал бұл жолы кімнің жазаланатынын тексеріс қорытындысы көрсетеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.