Қарағанды облысында жұрт дәріге таласуға мәжбүр
Қарағанды облысында созылмалы ауруға шалдыққандарға тегін берілетін дәрі-дәрмек жетіспей жатыр. Өйткені бағаның өсуі мен науқастардың саны артуына байланысты жыл басындағы бөлінген қаражат жетпей қалған. Соның салдарынан дәрі-дәрмек аймақтағы науқастардың 60 пайызына ғана беріліпті. Ал дәрісіз қалғандар ұзын-сонар кезекте тұр.
Автор: Саят Сабдалы
10.11.2016
Торғын Жұмкенова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
-Зейнеткерлерге тұру қиын. Өз анам үшін келдім. Таңертеңгі 8-ден бастап кезек, масқара.
Қарағандының әр емханасында мұндай қарбалас соңғы екі айдын басында тіркеліпті. Кезекте сағаттап тұрған науқастардың төзімі таусылып, бұл жығылған үстіне жұдырық болды деп налиды. Көбінің кезегі жетпей, үйіне қайтып, келесі күні тура осы көрініске тап болып жатыр екен. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл жағдайдан хабардар екен. Басты себеп – жыл басынан бері дәрі-дәрмек құнының екі-үш есе артуында екен. Оның үстіне күзге қарай ауруы асқынғандар қатары да күрт өскендіктен, жыл басынан бері дәрі-дәрмекке бөлінген 3 миллард теңге тез таусылған. Енді қосымша қаржы бөлуге мәжбүрміз дейді дәрігерлер.
Мира Рақымжанова, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрімен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі:
-Осы жылы дәрі дәрмек сатып алуға қосымша 407 миллион теңге бөлінді. Мұның өзі де таусылып бара жатқан соң тағы да қосымша қаражатқа тапсырыс бердік. Өйткені науқастардың 40 пайызына дәрі жетпей қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!