{metadescription}

Алматыда атақты сәнгер Лилия Рах сотталды

Атақты сәнгер 7 жылға сотталды. Өзбекстан азаматын қамап ұстап отырды деп айыпталған Лилия Рах жалпы тәртіптегі колонияға қамалып, бүкіл мүлкі тәркіленетін болды.

Сондай-ақ, осы қылмысқа қатысы бар деген тағы үш адамға қатаң үкім кесілді. Асыл тастар бизнесімен аты шыққан Мири Паз 7 жарым жыл арқалады. Сонымен бірге, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месировқа 8 жылдан берілді. Барлығы да жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Айта кетейік, олар өздерін мол ақша алып алдап кетті деп, Өзбекстан азаматы Хамро Сувановты қамауда ұстап отырғаны үшін айыпталған болатын. Бұл туралы құқық қорғау органы өкілдеріне Сувановтың өзі айтып берген еді. Алайда, кейін ол сөзінен тайқып, Лилия Рахтың кінәсы жоқ деп шықты. Бірақ бұл судьяның қатал үкім шығаруына еш кедергі болмады. Үкімге келіспеген айыпталушылар енді қайтадан шағым түсірмек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде