Ақышев теңгенің тұрақтанғанын айтып мақтанды
Теңге тұрақтанды! Ұлттық банк төрағасы теңге мен доллардың айырбастау бағамы ішкі және сыртқы факторларға толығымен сай келетінін жеткізді. Негізінен бұл көрсеткіш мұнай мен бағалы металдардың құнына қатысты айтылған.
Автор: Олжас Байжан
10.11.2016
Бүгін Алматыда Ұлттық банктің бұрынғы басшыларымен кездескен Данияр Ақышев қаржы ұйымының соңғы екі айда интервенция жүргізбегенін айтып мақтанды. Яғни доллардың теңгеге қатысты бағамын реттеу жұмысына араласпапты. Бұл негізінен төл валютамыздың ыңғайлы бағамына байланысты болып отыр. Яғни ол сыртқы өзгерістерге қатысты тез әрекет етуге мүмкіндік туғызыпты. Сондақтан елдегі инфляфия деңгейі соңғы девальвацияға дейінгі көрсеткішпен теңескен. Ал төл валютаға деген сенімді арттыру үшін барлық есеп айырысу операцияларын теңгемен жүргізу қажет екен. Сондықтан жұрт өз табыстары мен жинақтарын АҚШ ақшасымен есептеуін доғаруы тиіс. Ал қазір теңге салымдарына деген сенімнің артқанын несие мен депозиттік портфельдердің өскендігінен байқауға болады екен.
Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:
-Ұлттық банк алдағы уақытта жағымсыз жаңалық айтады деген сөз шындыққа жанаспайды. Біз доллар бағамының өсуі немесе төмендеуіне әсер етпедік. Қазіргі таңда біз рубльге тәуелдіміз. Себебі, Ресей біздің басты сауда-саттық серіктесіміз болып табылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!