Елімізде ерте қартаюдың себептері белгілі болды
Қартаюдан қатты қорқатын депутаттар бүгін өмір бойы жас болып қалудың жолдарын іздеді. Өйткені елімізде жұмысқа жарамсыз егде адамдардың саны күрт артып, тіпті Қазақстан әлемдегі қарттары көп мемлекеттердің қатарына қосылаудың шақ алдында тұр екен.
Автор: Жәудір Оразхан
10.11.2016
Әсіресе, солтүстік, шығыс және орталықта ерте қартайған тұрғындардың саны көп. Басым бөлігі шетінен ауру. Сондықтан мәжілісмендер белгілі академик, дәрігерлерді жинап, өмір бойы жас болып қалудың құпиясын сұрады. Қарттықтың басты себебі – жұрт ақшаның аздығынан дұрыс тамақтанбайды, спортпен айналысуға мүмкіндігі жоқ және денсаулыққа көңіл бөлмейді екен. Яғни, диетологтар ең алдымен ас мәзірін түзетуді ұсынды. Академик Төрегелді Шарманов сиыр сүтін қойып, қымыз ішуге кеңес берді. Сондай-ақ, қазір қарттар қоғамдық шараларға мүлдем араласпайды, шеттетілген. Зейнет демалысына шыққан адамдардың көбі үйде қамалып отыр. Әсіресе, қалаларда олар қарапайым бас қосып, кездесетін арнайы орын да жоқ .
Баян Ахметжанова, «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің президенті:
-Еуропадағы мейрамханаларда көбіне егде жастағы дамадар отырады. Жастар жұмыс істейді. Бізде керісінше, қайда барсаң да қыз-жігіттерді көресің. Қарттар шахмат ойнап, әңгімелесетін орын таппайды. Қаптаған мейрамханалар айына бір күнді ата-әжелердің жиналуына рұқсат етсе де болады ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!