Қарағанды облысында шахтада жойқын апат болып 3 адам қаза тапты
Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында апат болды. Сол жерде болған 12 адамның 3-уі қаза тауып, 5-уі ауруханада жатыр.
Автор: Саят Сабдалы
10.11.2016
Болжам бойынша, бұл апатқа тасымал қондырғысына арналған аспалы жолдың үзіліп кетуі себеп. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Ал дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендер түрлі жарақат алған. Бірінің басына зақым келсе, екіншісінің белі сынған. Қазіргі таңда бір кенші жансақтау бөлімінде жатыр. Айта кетейік, аталмыш шахта «АрселорМитталТеміртау» компаниясына тиесілі.
Сергей Мустивко, «Саран» шахтасының директоры:
-Қаза тапқан мен жарақат алғандар 20 -дан 50 жасқа дейінгі жұмсышылар. Қазір компания басшылығы қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтуға кетті. Оларға және жарақат алғандарға материалдық көмек көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!