Атырау облысында нодулярлық дерматиттен өлген мал иелеріне өтемақы берілетін болды
Ол үшін республикалық бюджеттен 177 миллион теңге бөлінген. Өтемақы төлеу кезінде малдың жасы мен нарықтағы бағасын ескерілмек.
Автор: Жанар Низамутдинова
14.11.2016
Аталған дерт елімізде тұңғыш рет биыл маусым айында Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданында тіркелген болатын. Кейін жұқпалы дерт Исатай, Махамбет аудандары мен Атырау қаласына қарасты бірнеше ауылда тіркелген. Соңғы мәліметке қарағанда, кеселден облыс бойынша 7 мыңға жуық сиыр ауырып, оның мыңнан астамы арам қатқан еді. Айта кету керек, Африкада алғаш тіркелген бұл ауру бізге Ресейдің Астрахань облысынан келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!