Жамбылда облысында шенеунік пара алу кезінде қолға түсті
Облыстық ревизиялық комиссиясының бас инспекторы Талас аудандық білім бөліміне қарасты сектор меңгерушісінен 4 жарым млн. теңге талап еткен. Осы соммадан қалғаны 1 жарым млн. теңгені алып жатқанда оның қолына кісен саланып отыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.11.2016
Білім саласын тексеруге келген ревизиялық комиссияның бас инспекторы Нұрлан Дүйсенов ақша алу операциясын жалдамалы пәтерде жүргізген. Онымен бірге тағы екі тексеруші болыпты. Алайда олардың осы іске қатысы бар жоғы әлі нақтыланған жоқ. Қазір 62 жастағы азамат үй қамаққа алынды. Аудитор енді 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, әрі өмір бақи мемлекеттік қызметтен аластатылуы мүмкін. Бірақ, қомақты қаржысы болса жазадан құтылудың да жолы бар.
Рауан Рамазанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:
-Сонымен қатар айыппұл тағайындалуы мүмкін. Бірақ енді 4 жарым млн. 60 есе ретінде айыппұл тағайындалады. Есептеп көрсеңіздер 300 млн-нан асады. Енді онай төлейтін ақшасы жоқ шығар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!