Оралда гамбургерден ұшынғандардың сальмонеллез ауруымен ауырғандары белгілі болды
Әзірге 24 науқасқа осындай диагноз қойылса, 5 адамға жасалған сараптама қорытындысы жақын күндері анықталады.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.11.2016
Асханадан тамақтанамыз деп ажал құша жаздағандардың қазіргі жағдайы тұрақты. Полицейлер осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тексеріс жүргізуде. Нәтижесінде біраз былықтың беті ашылды. Мәселен, асхананың санитарлық жағдайы талаптарға сай емес, қызметкерлері медициналық тексерістен өтпеген. Тіпті, қол жуатын ыстық суға дейін жоқ. Фаст-фудқа керекті азық-түлікті тасылмалдауда да тазалық сақталмағанын айтқан дәрігерлер, қала тұрғындарын тамақ таңдауда абай болуға шақырады. Еске сала кетейік, қарашаның 10-ы күні Оралда 29 адам гамбургер жейміз деп жаппай уланып қалған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!