Шығыс Қазақстандағы Зырян қаласында жоғалған Виктория Тойкенованың мүрдесі табылды
8 жасар қыздың күйік шалған жансыз денесі көрші тұрған иесіз үйдің жертөлесінде жатыпты. Бұл қылмысқа күдікті ретінде Зырян қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
14.11.2016
Күдіктіні тұтқындауға мына кадрлар септігін тигізген. Автокөліктің видеокамерасына түсіп қалған ер адам, қаршадай қыздың мектепке ұстайтын сөмкесін асынып, жол жиегімен кетіп барады. Сондай-ақ, күдіктінің осыдан екі ай бұрын жоғалған 17 жасар қыздың да өліміне қатысы бар болуы мүмкін. Бүгін Викторияны жақындары мен жерлестері ақтық сапарға шығарып салды. Естеріңізге сала кетейік, екінші сынып оқитын Виктория Тойкенова өткен бейсенбі күні мектептен үйіне оралмаған еді. Оны іздеуге полиция жасағымен бірге еріктілер тобы жұмылдырылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!