«Алматы Тауэрстегі» отқа оранған батут орталығының басшысы қамауға алынды
6 адамға ажал құштырған өрттен кейін Дәурен Тұяқовқа қауіпсіздік ережелерін бұзды деген айып тағылып отыр.
Автор: Диас Нұрақын
14.11.2016
Өрімдей жастардың өлімі үшін енді 33 жастағы кәсіпкер жауап береді. Себебі, «Алматы Тауэрс» ғимаратын жалға алып, батут орталығын ашпақшы болған ол өрт қауіпсіздігі шараларын мүлдем сақтамаған екен. Яғни нысан ішінде дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп, өрт содан тұтануы мүмкін деген болжам бар. Естеріңізге салайық, 6-шы қараша күні күлі көкке ұшқан батут орталығынан алты адамның денесі табылған болатын. Қаза тапқандардың бесеуі осы жерде жалданып жұмыс істеп жүрген студенттер. Енді сот Дәурен Тұяқовты кінәлі деп тапса, ол он жылға қамалуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!