Елімізде табиғатқа қамқор бола отырып табыс табуға үйрететін үлкен ұйым құрылды
«Байтақ болашақ» альянсы кәсіпкерлерге қоршаған ортаға еш зиян келтірмей бизнеспен айналысудың жолын үйретпек.
Автор: Жәудір Оразхан
15.11.2016
Қоғамдық бірлестіктің құрамында әйгілі ақын Олжас Сүлейменов және депутаттар, ғалымдар мен саясаткерлер бар. Альянс мүшелері аймақтардағы шаруаларды аралап, топыраққа пестицидті дұрыс себуден бастап, егін егудің, қоқысты қайта өңдеудің тың әдісін үйретпек. «Байтақ болашақ» табиғатқа қастандық жасағандарды анықтап, прокурор, эколог, әкімдіктермен бірігіп тексеруге де шығамыз деп отыр. Сөйтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қолға алмақшы. Альянстың қазір бес облыста бөлімшесі бар. Экологиялық мәселелерді шешу үшін, тіпті сырттан инвестиция да тартылады екен.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы:
-Барлық мәселеде талпындыру болу керек. Кәсіпкерлерді тарту керек, қаражат бөлу керек. Қаражат болған жағдайда біз экологиялық мәселелерді шеше аламыз. Әлемдік қаржы қорларында өте үлкен қаражаттар бар. Оны соны біз Қазақстанға тартуымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!