{metadescription}

Петропавлда полицейлер көшеде қалып қойған қаңғыбастарға қамқор болып жүр

Петропавлда қаңғыбастарды бейімдеу орталығының қызметкерлері жұмысқа кірісті. Қыстың көзі қырауда көшеде қатып қалмас үшін полиция оларды арнайы көлікпен тасуға мәжбүр. Дәрігерлерге қаралып, қонып шыққан үйсіздер діттеген жеріне де машинамен жеткізіледі.

Бетін көрсетуден ұялып отырған мына жігіт небәрі 28 жаста.Әке-шешесі жоқ, қарындасымен ұрсысып көше кезіп кеткен. Қаңғыбастарға қосылғандағы көрген күні осы. Қасында отырған келіншек екеуі күнұзақ көшедегі темір-терсекті сатып, нәпақа табады.

- Кейде мың теңге, кей кезде 500  теңге.

- Қайда жібересің  ақшаны?

- Тамаққа, араққа, темекіге...

- Тұрақты жұмыс іздеген жоқсың ба?

- Іздегенде, қалада жұмыс жоқ .

Қаңғыбастарға арналған бұл орталық былтыр ашылған. Тек қыста жұмыс істейтін ғимаратқа үйсіздер арнайы көлікпен әкелінуде. Сондай-ақ, таң атысымен баратын жеріне жеткізіп те салады. Тіпті, арнайы «эскортпен» тасымалданатын олардың түні тыныш өтуі үшін арнайы күзет те қойылған.

Айдын Байматов, СҚО Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары: 

-Кейбіреуі ішіп келеді.  Төбелес болмау үшін, оны бақылау үшін кешкі сағат 8-ден, таңғы сағат 8-ге дейін полиция қызметкері кезекшілік атқарады.

Бұл жерде кезбелер тек тәртіп сақшыларының емес, медициналық қызметкердің де бақылауында. Аязға үсітіп алған аяқ- қолдарына медбике дәрі жағып, таңып береді. Керек болса, жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жөнелтеді. Үйсіздерге үйінде көрмеген мұндай қамқорлық мемлекеттік бюджет есебінен жасалып отыр.

Жасұлан Сомтеміров, Петропавл қалалық тұрақты мекені жоқ жандарды бейімдеу орталығының директоры:

-Тұрақты мекені жоқ жандар күндіз жұмыс істесе, кешке осында келіп қонуларына болады. Бір ғана шартымыз бар – мас күйде қабыладмаймыз. Биыл нысанға үш миллион ақша бөлінді. Бұл қаржыға көрпе-төсек, медициналық заттар, дәрі-дәрмек пен отын алдық.

Орталықта жуынатын жер, бір рет қолданатын төсек-жаймалары да жеткілікті. Әйелдердің бөлмесі бөлек. Отыз орынға шақталған нысанға қазір  күніне 20 шақты кезбе келіп жүр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, аяз күшейсе, келушілер саны да көбейетін көрінеді. Бір қызығы, құдық пен құбыр жағалағандар арасында мұндай жақсы хабар лезде тарайды екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде