{metadescription}

Алматы облысында көшенің жекеменшікке сатылғанын естіген жұрт шу шығарды

Көшені қалқалаған темір қақпа! Алматы облысы Тұздыбастау ауылында халыққа ортақ көше жер телімі ретінде жекеменшікке сатылып кеткен. Сол жер иесі көшенің қақ ортасына темір қоршау орнатып қойыпты. Ал жергілікті шенеуніктер кімге, не сатқанын білмей қашанғыдай сырғыма жауаппен құтылғысы келеді. Үйлеріне кіріп-шығуы мұңға айналған тұрғындар болса, енді кімге шағым айтарын білмей отыр.

Тұздыбастау ауылы тұрғындарының мұңы – мына жатқан тақыр жол. О бастағы жоспар бойынша ені 12 метр болуы керек екен. Көшенің екі жағындағы тұрғындар жол үшін 6 метрден жер қалдыруы керек болған. Бірақ, өзара келісім болмай, әркім өзім білемге салып, жолдың ені 6 метрге қысқарыпты. Тұрғындар енді соның зардабын тартып отыр.

Арман Ерғалиев, Тұздыбастау ауылының тұрғыны:

-Өрт сөндіретін көліктерге  жол жоқ. Мына жерде газ алатын кісілер бар. Тәртіп жоқ.

Темір қақпаны тақылдатып тұрғанға біреудің есігін қағып тұр деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, бұл көшенің қақ ортасына орнатылған қоршау. Енді біреулер ені қысқарып қалған көшенің бір жағын жекеменшікке сатып алыпты.

Мақпал Манжуова, Тұздыбастау ауылының тұрғыны:

-Мына әкім, Талғар ауданының архитектурасы 6 метр жерді сатып жіберген. 4 учаскені  қатарынан сатып жіберген.

Шағын көлік болмаса, көшеге кірген үлкен машинаның кері қайтуы қиынның қиыны. Айналып өту мүмкін емес. Қоқыс жинауға келген мына көлік қыстырылып жүріп, осы қалпында кері жүруге мәжбүр.

Станбақ көшесі тұрғындарды Алматыға қатынайтын күре жолға шығаруы тиіс болған. Көше қазір бір бағытта ғана ашық. Ал екінші бағыты мынадай темір қақпамен қоршаулы тұр. Сөйтіп, бір кездері даңғарадай көше болады деген жол қазір әдеттегі қуыс-қолтықтың бірі болып қалған.

Ал мәселенің мұнша қиындауы ауылдың бас жоспарының кеш жасалуынан екен. Өйткені, о баста Тұздыбастау тұрған аумақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер болыпты.

Қуаныш Аскеев, Талғар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы:

-2010-да Тұздыбастау ауылында бас жоспар даярланды. 2010 –шы жылы ғана бекітілді. Ал оған дейін бұл жерде бас жоспары болмаған. Екі массив жерін бөлген кезде бір-бірімен келіспей қалған. Комиссиямен тағы да шығамыз. Сұрақтардың бәрін шешкен соң қозғаймыз келесі көшені.

Яғни әкімдік өкілдері жолдың енін кеңейту жөнінде әрбір үй иесімен келісім жүргізбекші. Оған тағы қыруар қаржы керек. Ал осынша қиқа-сиқа құрылыс о баста неге бас жоспарсыз салынғанын ешкім түсіндіріп бере алмады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде