{metadescription}
Ақтауда жұртты қарумен қорқытқан жігіттің қолындағысы  микрофон болып шықты
Ақтауда жұртты қарумен қорқытқан жігіттің қолындағысы  микрофон болып шықты

Ақтауда жұртты қарумен қорқытқан жігіттің қолындағысы микрофон болып шықты

Ақтауда балабақшаға баса-көктеп кіріп, «бүлдіршіндерді қырып саламын» деп қорқытқан азаматтың қолындағысы қару емес, темір микрофон болып шықты. Оның үстіне көптің зәресін алған 32 жастағы жергілікті тұрғын сол сәтте мас болған. Енді өзі бұл қадамға не үшін барғанын түсіндіре алмай отыр.

Кеше шаһардағы бөбекжайдың біріне ентіге кірген ер азамат ондағыларды түгел жайратамын деп, қолындағы белгісіз затты оңды-солды сермеп, жұрттың зәре құтын қашырған. Артынша күзетшімен жағаласып, ақыры өзі қашып кеткен еді. Көп ұзамай бұзақыны тәртіп сақшылары оны сол маңдағы үйінен ұстап әкелді. Тентектің психикалық ауытқуы болуы да мүмкін деп топшылайды полицейлер. Қазір бүкіл күштік құрылымды аяғына тік тұрғызған жігіттің ақыл-есінің дұрыс-бұрыстығы тексеріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде