Премьерден сын естіген Исекешов іске бел шеше кірісті
Үкімет отырысында премьер-министрден ескерту алған Астана әкімі қаланы қардан тазартуға бел шеше кірісті. Бірақ, Арқаның сарышұнақ аязы сынбай тұр. Таңда сынап бағанасы -28 градустан асқан соң мектептерде сабақ тоқтады.
15.11.2016
Бүгін Астанада 1 мен 4-ші сынып оқушылары мектепке барған жоқ. Себебі талап бойынша, ауа температурасы -25 градусттан асса балалар сабақ оқымайды. Ал -30 градусты көрсетсе 11-ші сынып оқушылары мен 1-ші, 2-ші курстар үйлерінде отырады. Жалпы, білім басқармасы таңғы 6-да «Қазгидрометтен» хабарлама алып таратып отырады екен. Ертең де аяздың сынбайтынын ескерсек, ұл-қыздар сабақтан тағы қалуы мүмкін. Ал Елорда әкімдігі сыннан кейін көшелерді күні-түні қардан тазартып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!