{metadescription}

Астанада тағы бір танымал журналистің қолына кісен салынды

Бұл жолы "Central Asia Monitor" басылымы мен «Радиоточка.кз» интернет-сайтының басшысы Бигелді Ғабдуллин құрықталды. Ол шенеуніктерден миллиондаған теңге пара алды деп айыпталуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, Ғабдуллин өзі басқаратын сайтқа үнемі мемлекеттік қызметкерлер туралы сыни мақала жариялап отырған. Ал шулы материалды алып тастау үшін шенеуніктерден миллиондаған теңге пара сұрап және газеттеріне мемлекеттік тапсырыс беруді талап етіпті. Тергеу материалдарына сенсек, журналист Жамбыл облысының әкімдігінен 10 миллион теңге бопсалаған. Дәл осы әдіспен 7 мемлекеттік органнан ақша алған көрінеді. Бигелді Ғабдуллинге қатысты бұған дейін де дау шыққан болатын. 2001 жылы оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Кейін елден қашып, 4 жыл АҚШ-қа барып тұрып келді. Қазір журналист Астанададағы уақытша тергеу абақтысында отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде