Ресейдің Балқаштағы әскери бөлімін жармақ болғандарға қатысты сот басталды
Ресейдің Балқаштағы әскери бөліміне шабуыл жасап, онымен қоса бірнеше нысанды жарып жібермек болған 8 күдіктіге қатысты негізгі сот отырысы басталды. Жабық жағдайда өтіп жатқан процесте куәгерлерден жауап алынды.
Автор: Саят Сабдалы
15.11.2016
8 айыпталушының үшеуі ағайындылар екен. Сотқа дейінгі тергеу кезінде лаңкестік топтың серкесі мен 5 мүшесі қылмысын мойындап, процестік келісімге келіпті. Дегенмен, қалған екеуінің қорғаушылары оларды туысқандықтан басқа лаңкестермен ештеңе байланыстармайды деп отыр. Естеріңізге салсақ, 26-шы маусымда Ұлтық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясы кезінде осы лаңкестік топтың бір мүшесі өзін-өзі жарып жіберген болатын.
Асхат Бейсенбаев, адвокат:
-Айыптарын мойындап дәлелдермен келісіп отыр. Бірақ қару жарақты көріп шабуыл жасаймыз деп айтылмаған. Ондай жоспарды білмейді олар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!