{metadescription}

Назарбаевтың бейнесі салынған 10 мың теңгелік шектеулі болғандықтан адамдарға жетпеуі мүмкін

Бүгін талай рет девальвацияға ұшырап, сан мәрте құнын жоғалтқан төл теңгеміздің туған күні. Ұлттық валютаның айналымға түскеніне тура 23  жыл. Тарихи күнге орай Астанада Назарбаевтың бейнесі салынған 10 мың теңгелік қағаз ақша шығарылды. Саны шектеулі банкнотпен жұрт есеп-айырысып керек-жарағын сатып ала алады.

Алғашқы теңге Лондонда, кейін Алматыда басыла бастаған. Содан бері теңгенің түрі де, номиналы да сан рет өзгерді. Тіпті Үкімет былтыр ұлттық валютаны еркін айналымға жібергенде, құны үш есеге бір-ақ құлдыраған. Ал  «мың өліп, мың тірілген» теңгенің туған күніне бүгін Ұлттық банк тосын сый жасады. Елімізде алғаш рет президенттің суреті салынған 10 мың теңгелік қағаз банкнот шығарыпты. Міне, су жаңа ақшаның бірінші бетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі, «Бәйтерек» және Астанадағы зәулім ғимараттар салынған. Ал екінші бетінде Елордадағы Қазақ елі монументі  тұр. Жаңа 10 мың теңгенің таралымы шектеулі, 100 мың дана. Естелік ақша  1-ші желтоқсан, яғни тұңғыш президент күніне орай айналымға шығады. Теңгенің тағдыры әлемдік мұнай бағасына тікелей байланысты болған соң, ұлттық валюта күн сайын құбылады. Мәселен, бүгін ақша ауыстыру орындарында доллар 345 теңгегеден сатылуда. Мамандардың айтуынша, ұлттық валюта әлі тұрақтана қойған жоқ. 

Жангелді Шымшықов, экономист:

-Теңге мен долларды қатар  ұстағанымыз үлкен қателік болдыДоллар басымдылық танытты, соның әсерінен теңге ылғи әлсірей берді. Мемлекетіміздің мұнайға тәуелділігінен болып отыр. Ал мұнайдың жуырда бағасы көтеріледі дегенге сенім жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде