Отандық әуе компаниясы тағы бір жаңа лайнермен толықты
Әлемдегі ең ыңғайлы әуе кемесі жақын күндері жолаушыларды тасымалдай бастайды.
Автор: Аруна Ортай
16.11.2016
«А320 neo» деп аталатын «Эйрбастың» ең соңғы үлгісінің ерекшелігі сол –әлдеқайда жайлы, әрі ішінде құлаққа ұрған танадай тыныштық сақталады екен. Яғни алысқа ұшатын жолаушылардың тынығып алуына толық жағдай жасалған. Орындығы кең әрі анағұрлым жұмсағырақ. «Эйр Астана» компаниясы оны нақ осы ерекшелігі үшін сонау Франциядан аттай қалап алдырған. Су жаңа лайнер ел ішінде, әрі Қытай, Үндістан, Ресей сынды халықаралық рейстерге шығарылмақ. Ал оның қаншалықты жайлылығын жолаушылар алдағы уақытта биікте отырып бағалайды.
Питер Фостер, «Air Astana» әуе компаниясының президенті:
-Ұшақ өте үнемді, әрі экологиялық жағынан таза. Яғни оның қозғалтқышы қалдықтарды қалыпты мөлшерден де аз бөледі. Мұндай қозғалтқыштарды «табиғаттың жанашыры» деп те атайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!