Астанада әлемдік мәселелердің шешілу жолдары айтылды
Елордада әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелер талқыланып оның шешілу жолдары айтылды. Дүниежүзінің аузы дуалы сарапшылары екі күн бойы «Астана» клубының отырысында өзара пікір алмасып, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеудің тетіктерін жан-жақты қарастырды.
Автор: Сабина Мәдиқызы
16.11.2016
Сұлтан Әкімбеков, Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика мен саясат институтының директоры:
-Өте салмақты әрі қызу пікір сайыс болды. Түйткілді мәселер ашық көтерілді. Барлығы өз ойын еркін айтуға мүмкіндік алды. Дәл осындай маңызды отырыстар қажет.
Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен өткен басқосудың алғашқы күнінде президент Нұрсұлтан Назарбаевта сөз сөйлеп, бірқатар маңызды мәлімдемелер жасаған болатын. Мемлекет басшысының қатысуы салмақ берген отырыста 50 мемлекеттің сарапшылары да қарап қалған жоқ. Әсіресе, державалардың көңілі ауып отырған Еуразия кеңістігіндегі саяси экономикалық ахуалды ашық талқылап, төнуі мүмкін қауіп қатерлерді атады. Қысқасы, «Астана клубының» отырысы пікірлері бір арнаға тоғыспайтын сарапшылардың өз ойын білдіруге мүмкіндік берді.
Александр Габуев, саяси сарапшы: (Ресей)
- АҚШ-та өткен сайлауда назардан тыс қалмады. Жаңа басшының саясаты қандай болады. Бұған қатысты өз болжамдарымызбен бөлістік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!