Елімізде мемлекеттік мекеме басшыларының жұмысы жаңа әдіспен бағаланбақ
Енді министрлік, әкімдік, департаменттер мен түрлі бөлім жетекшілеріне қарамағындағы қызметтен кеткен мамандардың санына қарай баға беріледі.
Автор: Жәудір Оразхан
16.11.2016
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік заңға осындай өзгеріс енгізбекші. Өйткені, соңғы кезде басшы ауысса, мекемедегі қызметкерлер де жаппай жұмыстан кететін үрдіс жиілеп кеткен. Бірақ , қызметтен босап қалғандар жемқорлыққа қарсы агенттікке арызданбайды екен. Ал Қожамжаров «командалық ауыс-түйістен зардап шектім» деп келгендерге көмектесуге, арнайы тексеру жүргізуге, тіпті басшыларды жазалауға дайынбыз деп отыр.
Қайрат Қожамжаров, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
-Мемлекеттік мекемелердің басшылармен бірге мамандар да топ-тобымен ауысады. Бірі өз еркімен, енді бір басқа жұмысқа ауыстым деп арыз жазады. Бірақ, шындықты біз білеміз. Сондықтан, басшыларды қызметтен кеткен кадрдың санына қарай бағалаған дұрыс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!