{metadescription}
Қазақстанда -40 градус аяз болмақ
Қазақстанда -40 градус аяз болмақ

Қазақстанда -40 градус аяз болмақ

Нағыз қаһарлы қыс Алматыға да келе жатыр. Алдағы бес күн қатарынан қар жауып, соңы көктайғаққа ұласады деп күтілуде.

Сондықтан, бәрінен бұрын көлік жүргізушілері жанталасып жатыр. Жылы күндері бейқам жүргендер доңғалақ іздеп, техникалық қызмет көрсету орталықтарын жағалап кеткен. Ал ауа-райы қазір +10 градустан бірден нөлге түсіп кетті. Қаланы қалың тұман басып, көлік қозғалысын қиындатқан. Десе де, кептелістің көкесі енді басталмақ. Синоптиктер бес күн қатарынан қар жауып, аяз болады деп болжап отыр. Астаналық әріптесі секілді үкімет басшысынан сөз естігісі келмесе керек, Алматы әкімдігі қар тазалайтын техникасын әзірден дайындап қойыпты.    

Светлана Аманқұлова, «Қазгидромет» РММ синоптигі:

-Ауа райы күрт төмендеп, Алматы қаласы мен облысында бүгін-ертең күн суытады. Әсіресе, таулы аймақтарға қалың қар жауадыі. Тұман түсіп, жолдарды көктайғақ басады. Сол себепті тұрғындарды сақ болуға шақырамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде